Skip to main content
ETH кейіпкерінің бейнесін алу

Әмиян нұсқауларын орындаңыз

Сіз ЕТН-нен табыс таба аласыз, бір деңгейлі пайдаланушылардан ала аласыз немесе биржалар мен қолданбалардан сатып ала аласыз.


Қазіргі ETH бағасы (USD)

Жүктелуде...
(Соңғы 24 сағат)
Ел бойынша іздеу

Орталықтандырылған биржалар

Биржалар - бұл дәстүрлі валютаға криптовалюта сатып алуға мүмкіндік беретін компаниялар. Олар сіз сатып алған кез келген ETH-ді сіз басқаратын әмиянға жібергенге дейін басқарады.

ETH арқылы ақша табыңыз

Сіз DAO немесе криптовалютада төлейтін компанияда жұмыс істеу, марапаттар алу, бағдарламалық жасақтамада қателерді табу және басқа мүмкіндіктерді пайдалану арқылы ЕТН табыс аласыз.

Бір деңгейлі пайдаланушылардан ЕТН алыңыз

Ethereum аккаунтын алғаннан кейін, бір деңгейлі жіберу жүйесі арқылы ETH (және басқа токендері) жіберуді және алуды бастау үшін өз мекенжайыңызды жіберу керек.

Орталықтандырылмаған биржалар (DEXs)

If you want more control, buy ETH using . With a DEX you can trade digital assets without ever giving control of your funds to a centralized company.

Әмияндар

Кейбір әмияндар дебет немесе кредит картасы, банктік аударым немесе тіпті Apple Pay арқылы криптовалюта сатып алуға мүмкіндік береді. Географиялық шектеулер қолданылады.

Стейкинг үшін төленетін сыйақы

Егер сізде ETH бар болса, олардың санын валидатор торабы ретінде ақша табу арқылы көбейтуге болады. Сіз ETH-ді тексеру бойынша жұмысты орындағаныңыз үшін төлем ретінде аласыз.

common:listing-policy-disclaimer Мәселе көтеруopens in a new tab

Сіз қай елде тұрасыз?

Биржаларда криптовалютаны қайдан сатып алуға болатындығы туралы шектеулер бар. Бұл әр елде жұмыс істқолданылуы тиіс қызметтердің болжамды тізімі. Оған қосылу сапаға кепілдік бермейді, жағдайды өзіңіз зерттеуіңіз керек!

Орталықтандырылмаған биржалар (DEX)

DEX деген не?

Орталықтандырылмаған биржалар - бұл ETH және басқа да токендерге арналған ашық сауда алаңдары. Олар сатып алушылар мен сатушыларды тікелей байланыстырады.

Мәміледегі қаражатты қорғау үшін сенімді үшінші тұлғаларды пайдаланудың орнына олар кодты пайдаланады. Сатушының ETH-і төлем кепілдендірілген кезде ғана беріледі. Кодтың бұл түрі смарт-келісімшарт ретінде белгілі. Смарт-келісімшарттар туралы толығырақ

Бұл орталықтандырылған баламаларға қарағанда географиялық шектеулер аз екенін білдіреді. Егер біреу сіз қалаған нәрсені сататын болса және сіз бере алатын төлем әдісін қабылдайтын болса, демек бәрі дайын.

DEX пайдалану үшін сізге әмиян қажет.

Әмиян жасау

Басқа криптовалютаға сатып алу

Токендеріңізді ETH-ға айырбастаңыз. Және керісінше.

Сіздің ETH қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ethereum-ді бірде-бір ұйым бақылай алмайды, өйткені ол - орталықтандырылмаған.

Бұл қаражатыңыздың қауіпсіздігіне байыпты қарау керек дегенді білдіреді. ETH көмегімен сіз банкке немесе компанияға сіздің активтеріңізді қарауға сеніп тапсыра алмайсыз, олардың қауіпсіздігіне өзіңіз жауап бересіз.

ETH-ді өз әмияныңызда сақтаңыз

Ethereum-нің негізгі функцияларының бірі - аккаунтты басқару арқылы активтеріңізді бақылау мүмкіндігі. Бұл өзіңіздің активтеріңізді қандай да бір үшінші тарапқа сеніп тапсыруға міндетті емес екеніңізді білдіреді, яғни сіз активтерді ықтимал қорғаушылардың жосықсыз әрекеттерінен, олардың банкроттығынан немесе бұзуынан сақтанасыз. Алайда бұл сізге олардың қауіпсіздігін өз бетіңізше қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жүктейді.

Әмияндарды көріп шығу

ETH мекенжайы

Әмиянды жүктеп алған кезде ол сіз үшін жалпыға қолжетімді ETH мекенжайын жасайды. Мұндай мекенжайдың мысалы:

0x0125e2478d69eXaMpLe81766fef5c120d30fb53f

Мысал: көшіріп алмау

Оны электрондық пошта мекенжайыңыз сияқты елестетіп көріңіз, бірақ хабарламалардың орнына сіз ETH аласыз. Егер сіз ETH-ді биржадан әмияныңызға аударғыңыз келсе, тағайындалған мекенжай ретінде мекенжайыңызды пайдаланыңыз. Оны жіберу алдында екі рет тексеріңіз!

Әмиян нұсқауларын орындаңыз

Егер өзіңіздің аккаунтыңызға кіру рұқсатын жоғалтып алсаңыз, өз қаражатыңызды пайдалана алмайсыз. Сіздің әмияныңыз осындай жағдайлардың алдын алу үшін нұсқаулар беріп отыруы керек. Оларды мұқият орындап жүргеніңізді тексеріңіз: аккаунтыңызға кіру мүмкіндігін жоғалтып алған жағдайда сізге ешкім көмектесе алмайды.

Page last update: 2025 ж. 24 маусым

Бұл бет пайдалы болды ма?