Ethereum әмияндары
Цифрлық заманға сай кілттерді қорғау
Әмияндар цифрлық активтерді басқаруға және қолданбаларға кіруге көмектеседі.
Ethereum әмияны дегеніміз не?
Ethereum әмияндары — бұл сіздің аккаунтыңызды басқаруға мүмкіндік беретін қолданбалар. Олар кәдімгі әмияныңыз секілді, онда сіздің жеке басыңызды растау және активтеріңізді басқару үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Әмиян арқылы қолданбаларға кіруге, теңгерімді тексеруге, транзакциялар жасауға және жеке басыңызды растауға болады.
Әмияндар — бұны көптеген адамдар цифрлық активтерді басқару және жеке басын сәйкестендіру үшін пайдаланады.
Әмиян — бұл өзіңіздің Ethereum аккаунтыңызбен өзара әрекет етуге көмектесетін құрал. Сіз кез келген уақытта әмиян жеткізушісін өзгерте аласыз. Көптеген әмияндар бір қолданба арқылы бірнеше Ethereum шоттарын басқаруға мүмкіндік береді.
Әмиян жеткізушілері сіздің қаражатыңызды сақтамайды. Олар сізге Ethereum-дағы активтеріңізді және оларды оңай басқаруға арналған құралдарды көруге мүмкіндік береді.
Сіздің қаражатыңызды басқаруға арналған қолданба
Сіздің әмияныңыз теңгерімді, транзакция тарихын көрсетеді және сізге қаражат жіберуге/алуға мүмкіндік береді. Кейбір әмияндар қосымша мүмкіндіктерді ұсына алады.
Ethereum жүйесіндегі шотыңыз
Әмиян — бұл сіздің Ethereum шотына, яғни теңгерімге, транзакция тарихына және т.б. арналған терезеңіз. Бірақ сіз кез келген уақытта басқа әмиянға ауыса аласыз.
Ethereum қолданбаларына арналған пайдаланушының аты
Сіздің әмияныңыз Ethereum аккаунтыңызды пайдалана отырып, қолданбаларға қосылуға мүмкіндік береді. Бұл көптеген қолданбаларда пайдалануға болатын әмбебап тәсіл сияқты.
Әмияндар, аккаунттар, кілттер және мекенжайлар
Кейбір негізгі терминдер арасындағы айырмашылықтарды түсінген жөн.
Ethereum аккаунты — бұл кілттер жұбы. сіз еркін бөлісе алатын мекенжай жасау үшін қолданылады, ал құпия сақталуы керек, өйткені ол қолтаңба ретінде қолданылады. Бұл кілттер бірге активтерді басқаруға және транзакциялар жасауға мүмкіндік береді.
<0>Ethereum аккаунтының, электрондық пошта жәшігіндегідей мекенжайы бар. Бұл сіздің цифрлық активтеріңізді сәйкестендіру үшін қолданылады.
< 0>Әмиян — бұл сіздің кілттерді пайдаланып аккаунтпен өзара әрекет етуге мүмкіндік беретін құрал. Бұл аккаунттағы теңгерімді көруге, транзакциялар жасауға және т.б. мүмкіндік береді.
<0>Мобильді қолданбалар</0> бұл сіздің қаражатыңызды кез келген жерден қолжетімді жасайды
Әмиян түрлері
Интерфейсті ұйымдастырудың және аккаунтыңызбен өзара іс-әрекет етудің бірнеше әдісі бар:
Физикалық аппараттық әмияндар — бұл криптовалютаны автономды режимде сақтауға мүмкіндік беретін, оның жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар
<0>Мобильді қолданбалар бұл сіздің қаражатыңызды кез келген жерден қолжетімді етеді
Браузер әмияндары - бұл сіздің аккаунтыңызбен тікелей браузерде өзара іс-әрекет етуге мүмкіндік беретін веб-қолдагбалар
Браузер кеңейтімдері түріндегі әмияндар — бұл браузер арқылы аккаунтпен және қолданбалармен өзара іс-әрекет етуге мүмкіндік беретін жүктелетін кеңейтімдер
Егер сіз өз қаражатыңызды macOS, Windows немесе Linux арқылы басқарғыңыз келсе жұмыс үстелі қолданбалары қажет
Әмияндарды функциясына қарай салыстырыңыз
Қауіпсіздікке қалай қол жеткізуге болады
Өз қаражатыңыз үшін жауапкершілік - өз мойныңызда екенін ұмтыпаңыз
Орталықтандырылған биржалар сіздің әмияныңызды әдеттегідей қалпына келтіруге болатын пайдаланушының атымен және құпиясөзімен байланыстырады. Есіңізде болсын: сіз осындай биржаға өз қаражатыңызды сақтауға толықтай сеніп тапсырасыз. Егер биржада қаржылық проблемалар туындаса, сіздің қаражатыңыз тәуекелге ұшырайды.
жазып қойыңыз
Әмияндар сізге фразаларды жиі жіберіп тұрады, оны сіз қауіпсіз жерге жазып қоюыңыз қажет. Тек осылай ғана сіз әмияныңызды қалпына келтіре аласыз.
Мысалы:
there aeroplane curve vent formation doge possible product distinct under spirit lamp
Оны компьютерде сақтамаңыз. Оны қолмен жазып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Әмияныңызды бетбелгі бөліміне қосыңыз
Егер сіз веб-әмиянды қолдансаңыз, өзіңізді фишингтік шабуылдардан қорғау үшін осы сайтты бетбелгі бөліміне қосыңыз.
Барлығын үш рет тексеріңіз
Есіңізде болсын, транзакциялардан бас тарту мүмкін емес және әмияндарды оңай қалпына келтіру де қиын, сондықтан сақтық шараларын қолданыңыз және әрқашан мұқият болыңыз.