Skip to main content

Ethereum деген не?

Цифрлың болашағымыздың іргетасы

Ethereum платформасы қалай жұмыс істейтіні, оның қандай артықшылық беретіні және оны әлем бойынша миллиондаған адам қалай пайдаланатыны туралы жаңа бастаушыларға арналған толық нұсқаулық.

Базарға қарап тұрған адамның кескіні Ethereum платформасын бейнелейді

Шолу

Ethereum — Ethereum протоколы деп аталатын ережелер жинағына бағынатын әлемдегі компьютерлер желісі. Ethereum желісі әркім жасай немесе пайдалана алатын қауымдастық, қолданбалар, ұйымдар және цифрлық активтер үшін негіз болып табылады.

Ethereum аккаунтын кез келген жерден және кез келген уақытта тіркеп, қолданбалар әлемін зерттеуге немесе өзіңіздің жеке қолданбаңызды жасауға мүмкіндік береді. Негізгі жаңалық — мұның бәрін ережелерді өзгертетін немесе қол жеткізуге шектеу қоятын орталық органға сенбей-ақ жасауға болады.

  • Free and global Ethereum accounts
  • Pseudo-private, no personal information needed
  • Without restrictions anyone can participate
  • No company owns Ethereum or decides its future

Ethereum-нің қандай мүмкіндіктері бар?

Барлығына арналған банк қызметі

Қаржылық қызметтерге әркімнің қолы жете бермейді. Ethereum платформасына және соның негізінде жасалған несие өнімдеріне, қарыз алуға және ақша жинауға қол жеткізу үшін сізге бар қажеті — интернет қосылымы.

Ашық интернет

Кез келген адам Ethereum желісімен әрекеттесе алады немесе оның негізінде қолданба жасай алады. Бұл сізге бірнеше алып корпорациялардың бақылауында болудың орнына өз активтеріңізді және жеке басыңызды бақылауға мүмкіндік береді.

Пирингті желі

Ethereum келісім жасауға, үйлестіруге және цифрлық активтерді тікелей басқа адамдарға беруге мүмкіндік береді. Сізге делдардарға сенім артып жүрудің қажеті жоқ.

Цензураға төзімділік

Үкімет те, компаниялар да Ethereum платформасын басқара алмайды. Орталықсыздандыру төлемдерді алуыңызға немесе Ethereum негізіндегі қызметтерді пайдалануыңызға шектеу қоюға жол бермейді.

Коммерциялық кепілдіктер

Келісілген нәрсені берсеңіз ғана, тұтынушылар қаражаттың басқа адамға аударылатынына қауіпсіз әрі кіріктірілген кепілдік алады. Сол секілді әзірлеушілер де оларға қатысты ережелердің өзгермейтініне сенімді бола алады.

Композиттік өнімдер

Барлық қолданбалар ортақ ғаламдық күйі бар бір блокчейн негізінде жасалады, бұл оларды бір-бірімен өзара әрекеттесуге мүмкіндігін береді (Lego құрылыс блоктары секілді). Бұл сізге сапалы өнім жасауға және пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар бұл қолданбаларға тәуелді құралдарды ешкім жоя алмайтындығына кепілдік береді.

Маған Ethereum-ді неге қолдану қажет?

Егер сізді жаһандық деңгейде үйлестірудің, ұйымдарды құрудың, қолдарбаларды әзірлеудің және құндылықтармен алмасудың тұрақты, ашық және сенімді әдістері қызықтырса, Ethereum сізге арналған. Біз бәріміз бірлесіп Ethereum тарихын жазып жатырмыз, сондықтан бізге қосылыңыз және біз бірге құра алатын керемет әлемдерді паш етіңіз.

Ethereum құнын олардың бақылауынан тыс сыртқы күштерге байланысты активтерінің қауіпсіздігіне, сенімділігіне немесе ұтқырлығына қатысты белгісіздікке тап болған адамдар үшін де асыра бағалау мүмкін емес.

Ethereum саны бойынша ақпарат

4 мың+
Ethereum негізіндегі жобалар 
96 млн+
ETH теңгерімі бар шоттар (әмияндар) 
53,3 млн+
Ethereum ақылды келісімшарттары 
410 млрд $
Ethereum-дегі кепілдендірілген баға 
3,5 млрд $
2021 жылғы Ethereum авторларының табысы 
17,55 млн
Бүгінгі транзакциялар саны 

Ethereum-ді кім басқарады?

Ethereum is not controlled by any particular entity. It exists whenever there are connected computers running software following the Ethereum protocol and adding to the Ethereum . Each of these computers is known as a node. Nodes can be run by anyone, although to participate in securing the network you have to ETH (Ethereum’s native token). Anyone with 32 ETH can do this without needing permission.

Even the Ethereum source code is not produced by a single entity. Anyone can suggest changes to the protocol and discuss upgrades. There are several implementations of the Ethereum protocol that are produced by independent organizations in several programming languages, and they are usually built in the open and encourage community contributions.

Ақылды келісімшарттар дегеніміз не?

Smart contracts are computer programs living on the Ethereum blockchain. They execute when triggered by a transaction from a user. They make Ethereum very flexible in what it can do. These programs act as building blocks for decentralized apps and organizations.

Have you ever used a product that changed its terms of service? Or removed a feature you found useful? Once a smart contract is published to Ethereum, it will be online and operational for as long as Ethereum exists. Not even the author can take it down. Since smart contracts are automated, they do not discriminate against any user and are always ready to use.

Popular examples of smart contracts are lending apps, decentralized trading exchanges, insurance, quadratic funding, social networks, - basically anything you can think of.

Ethereum криптовалютасы — эфирмен танысыңыз

Ethereum желісіндегі көптеген әрекеттер есептеулерді кірістірілген Ethereum компьютерінде («Ethereum виртуалды машинасы» ретінде белгілі) орындауды талап етеді. Бұл есептеулер тегін емес; олар Ethereum-ның эфир (ETH) деп аталатын жергілікті криптовалютасының көмегімен төленеді. Бұл желіні пайдалану үшін кем дегенде кішкене эфир болуы керек дегенді білдіреді.

Эфир — толығымен цифрлық валюта және сіз оны әлемнің кез келген жеріндегі кез келген адамға лезде жібере аласыз. Қолжетімді эфир мөлшерін ешқандай үкімет немесе компания бақыламайды — бүкіл процесс орталықтандырылмаған және толығымен ашық. Эфирлер дәл хаттамаға сәйкес тек үлес қосқан пайдаланушыларға шығарылады, осылайша желінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ethereum платформасының қуат шығыны туралы не білу қажет?

On September 15, 2022, Ethereum went through The Merge upgrade which transitioned Ethereum from to .

The Merge was Ethereum's biggest upgrade and reduced the energy consumption required to secure Ethereum by 99.95%, creating a more secure network for a much smaller carbon cost. Ethereum is now a low-carbon blockchain while boosting its security and scalability.

Криптовалюталар қылмыстық әрекеттердің құралы ретінде пайдаланылады дейді. Бұл шын ба?

Кез келген басқа технология сияқты, Ethereum кейде теріс мақсатта пайдаланылады. Дегенмен Ethereum транзакцияларының барлығы қоғамдық блокчейнде жүзеге асырылатындықтан, дәстүрлі қаржы жүйесіне қарағанда, мұнда заңсыз әрекеттерді бақылау әдетте оңайырақ. Бұл Ethereum платформасын радардан тыс қалуды қалайтындар үшін тартымды емес таңдау етеді.

Фиат валюталарына қарағанда криптовалюталар қылмыстық мақсатта әлдеқайда аз пайдаланылады. Бұған Еуропалық Одақтың Құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі агенттігі Еуропалық ұйымның жақында жасаған баяндамасының негізгі қорытындылары дәлел:

«Криптовалюталарды заңсыз әрекеттер үшін пайдалану жалпы криптовалюта экономикасының аз ғана бөлігін ғана құрайды және дәстүрлі қаржыдағы заңсыз қорлардың сомаларынан салыстырмалы түрде аз болып көрінеді».

Ethereum мен биткоин арасында қандай айырмашылық бар?

2015 жылы іске қосылған Ethereum биткоинның инновацияларына негізделген, алайда оның кейбір үлкен айырмашылықтары бар.

Both let you use digital money without payment providers or banks. But Ethereum is programmable, so you can also build and deploy decentralized applications on its network.

Bitcoin бізге бір-бірімізге құнды деп санайтын нәрселер туралы негізгі хабарламалар жіберуге мүмкіндік береді. Биліксіз құндылықты орнату — бұл үлкен артықшылық. Ethereum мүмкіндіктеріңізді кеңейтеді: жай хабарламалардың орнына сіз кез-келген жалпы бағдарламаны немесе келісімшартты жаза аласыз. Жасалуы және келісілуі мүмкін келісімшарттардың түріне шек жоқ, сондықтан Ethereum желісінде үлкен инновациялар орын алуда.

Bitcoin тек төлем желісі болғанымен, Ethereum қаржылық қызметтер, ойындар, әлеуметтік желілер және басқа қолданбалар нарығына көбірек ұқсайды.

Қосымша әдебиет

Ethereum туралы апталық жаңалықтарopens in a new tab — экожүйедегі негізгі оқиғалар туралы апта сайынғы ақпараттық бюллетень.

Атомдар, мекемелер, блокчейндерopens in a new tab —  блокчейндер неге маңызды?

Kernelopens in a new tab Ethereum жобасының арманы

Ethereum-ді зерттеңіз

Test your Ethereum knowledge

Page last update: 2025 ж. 7 шілде

Бұл бет пайдалы болды ма?