Негізгі мазмұнға өту

ETH-ді қалай инвестициялауға болады?

ETH-ді қалай инвестициялауға болады?

Кез келген ETH мөлшері бар кез келген пайдаланушы желіні қорғауға көмектесе алады және осы ретте сыйақы алады.

Стейкингті іске қосу панеліне арналған мүйізтұмсық тұмарының суреті.
33 752 693
ETH-ге қойылған жалпы сома
1 055 719
Барлық валидаторлар саны
3,1%
Ағымдағы APR

Стейкинг деген не?

Стейкинг - бұл бағдарламалық жасақтамасын белсендіру үшін 32 ETH депозитке салу актісі. Валидатор ретінде сіз деректерді сақтауға, транзакцияларды өңдеуге және блокчейнге жаңа қосуға жауапты боласыз. Бұл Ethereum-ді барлығы үшін қауіпсіз етеді және осы процесcте сізге жаңа ETH береді.

Неліктен өз ETH-іңді қою керек?

Сыйақы алыңыз

қол жеткізуге көмектесетін іс-әрекеттер үшін берілетін сыйақылар. Сіз транзакцияларды жаңа блоктарға дұрыс жинайтын және басқа валидаторлардың жұмысын тексеретін бағдарламалық жасақтаманы пайдаланғаныңыз үшін сыйақы аласыз, өйткені бұл тізбектің қауіпсіз жұмыс істеуіне кепілдік береді.

Жетілдірілген қауіпсіздік

Желі шабуылдардан қорғалған болады, өйткені неғұрлым көбірек ETH қойылса, соғұрлым желінің көп бөлігін басқару үшін ETH қажет болады. Қауіптің алдын алу үшін валидаторлардың көпшілігін сақтауыңыз қажет болады. Бұл жүйеде ETH-нің көп бөлігін басқару керек дегенді білдіреді, өйткені бұл өте көп!

Экологиялық тұрақтылық

Үлескерлерге желіні қорғауға қатысу үшін жұмысты дәлелдеу мақсатында энергияны қажет ететін есептеулер жүргізудің қажеті жоқ. Бұл дегеніміз, стейкинг тораптары салыстырмалы түрде қарапайым жабдықта жұмыс істей алады және өте аз энергия жұмсайды.

Ethereum-нің энергия тұтынуы туралы толығырақ

ETH-ді қалай инвестициялауға болады?

Мұның бәрі сіз қанша қаражат салуға дайын екеніңізге байланысты. Валидатор болу үшін сізге 32 ETH қажет, бірақ одан да аз қоюға болады.

Төмендегі нұсқаларды қарап шығыңыз және өзіңіз үшін ең қолайлысын таңдаңыз.

Үй стейкингі

Ең әсерлісі

Мұның бәрі сіз қанша қаражат салуға дайын екеніңізге байланысты. Валидатор болу үшін сізге 32 ETH қажет, бірақ одан да аз қоюға болады.

Толық сыйақылар

Сенуді талап етпейді

Ethereum-дегі үй стекингі - бұл стекингтің алтын стандарты . Сіз ең жоғары сыйақы аласыз, желіні орталықсыздандыруды жақсартасыз және өз қаражатыңызды басқа біреулерге сеніп тапсырудың қажеті жоқ.

Үй стейкингін жасау үшін бірнеше ETH және тәулік бойы интернетке қосылған арнайы компьютер қажет болады. Техникалық білім пайдалы, бірақ қазір бұл процесті жеңілдететін құралдар да бар.

Егер сізде 32 ETH-ден аз болса, қаражатты басқа үй стейкерлерімен біріктіруге болады. DeFi-ге қолжетімділікті сақтау үшін өтімді стейкинг токендерін шығару шешімдерін қолдануға болады.

Үй стейкингі туралы толығырақ

Қызмет ретіндегі стейкинг

Сіздің 32 ETH

Сіздің валидаторыңыздың кілттері

Сеніп тапсырылған торап жұмысы

Егер сіз жабдықпен жұмыс істегіңіз келмесе немесе оны қалай жасау керектігін білмесеңіз, бірақ әлі де 32 ETH ставкасын алғыңыз келсе, қызмет ретінде стейкинг нұсқалары өз блоктары үшін сыйақы алу арқылы қиын бөлікті табыстауға мүмкіндік береді.

Әдетте, бұл нұсқалар сізге валидатордың аккаунт деректерінің жиынтығын жасауға, оларға қол қою үшін кілттерді жүктеуге және 32 ETH енгізуге нұсқау береді. Бұл қызметке сіздің атыңыздан тексеруге мүмкіндік береді.

Бұл стейкинг әдісі қызмет жеткізушіге белгілі бір сенімділік деңгейін қажет етеді. Контрагенттердің тәуекелін шектеу үшін ETH-ді шығару кілттері әдетте өз қалауыңыз бойынша болады.

Пулдық стейкинг

Кез келген соманы салыңыз

Сыйақы алыңыз

Оңай

Танымал

32 ETH жоқ немесе мұндай соманы орналастырғысы келмейтін пайдаланушыларға көмектесуге арналған бірнеше шешімдер бар.

Бұл баламалардың көпшілігіне "өтімді стейкинг" кіреді, ол өзіңіз салған ЕТН білдіретін өтімділік токенімен байланысты .

Өтімді стейкинг қаражатты орналастыруды және шығаруды токендерді айырбастау сияқты қарапайым етеді және DeFi-де орналастырылған капиталды пайдалануға мүмкіндік береді. Стейкингтің бұл түрі пайдаланушыларға өз активтерін Ethereum әмиянында сақтауға мүмкіндік береді.

Біріктірілген стейкинг Ethereum желісі үшін тән емес. Бұл шешімдерді басқа адамдар жасайды, бұл өз кезегінде тәуекелдерге әкеліп соғады.

Орталықтандырылған биржалар

ең аз әсер ететін

Ең жоғары сенімділік болжамдары

Егер ETH-ді өз әмияныңызда сақтай алатын жағдай болмаса, көптеген орталықтандырылған биржалар, стейкинг қызметін ұсынады. Олар көп күш жігер жұмсамай және бақыламай-ақ сақталған ETH-нен кішігірім табыс алуға мүмкіндік беретін резервтік нұсқа болуы мүмкін.

Бір келісімге келу мағынасы орталықтандырылған жеткізушілер көптеген валидаторларды іске қосу үшін үлкен ETH пулдарын біріктіреді. Бұл желі мен оның пайдаланушылары үшін қауіпті болуы мүмкін, өйткені ол үлкен орталықтандырылған мақсат пен бас тартуға әкеп соғады, бұл желіні шабуылдарға немесе қателіктерге осал етеді.

Егер өзіңізге тиесілі сақтау ыңғайлы болмаса, уайымдамаңыз. Мұнда ыңғайлы нұсқалар берілген. Біздің әмияндарға арналған бетке кіріп көріңіз, бұл жерде қаражатты тиімді басқару негіздерін үйренуге болады. Дайын болған кезде, қайта оралыңыз және стейкинг бойынша кәсіби шеберлігіңізді арттырыңыз, ұсынылған өздігінен біріктірілген стейкинг қызметтерінің бірін қолданып көріңіз.

Байқағаныңыздай, Ethereum стейкингіне қатысудың көптеген тәсілдері бар. Бұлтәсілдер пайдаланушылардың кең ауқымына бағытталған және сайып келгенде, әрқайсысы өз бетінше бірегей және тәуекелдер, сыйақылар және сенім болжамдары тұрғысынан әртүрлі. Олардың кейбіреулері басқаларға қарағанда орталықтандырылмаған, тексерілген және/немесе біршама қауіпті болып табылады. Біз қазіргі танымал жобалар туралы нақты ақпарат береміз, бірақ ETH-ді бір жерге жібермес бұрын жағдайды өз бетіңізше зерттеп көріңіз.

Стейкинг нұсқаларын салыстыру

Барлығына сәйкес келетін стейкингке арналған әмбебап шешім жоқ. Мұнда біз кейбір тәуекелдерді, сыйақыларды және ставкалар жасауға мүмкіндік беретін әртүрлі тәсілдердің талаптарын салыстырамыз.

Үй стейкингі

Сыйақылар

  • Ең жоғары сыйақылар - толық сыйақыларды тікелей протоколдан алыңыз
  • Блоктарды ұсынғаны үшін берілетін сыйақылар, соның ішінде транзакциялар үшін комиссиялар және желінің жай-күйін тұрақты растау
  • DeFi-де пайдалану үшін үй торабында өтімді стейкинг токенін шығарып алу мүмкіндігі

Risks

  • Сіздің ETH-деріңізге ставка қойылады.
  • Желіден ажырату үшін ETH-де айыппұлдар бар.
  • Зиян келтіретін мінез-құлық үшін слешинг (ірі айыппұлдар және желіден жою)
  • Өтімді стейкинг токенін шығару смарт-келісімшарттар үшін қауіпті, бірақ бұлай істеу міндетті емес

Талаптар

Үй стейкингі туралы толығырақ

Қызмет ретіндегі стейкинг

Сыйақылар

  • Әдетте тораптың жұмысы үшін айлық комиссияны шегергендегі протокол бойынша толық сыйақылар кіреді.
  • Бақылау панельдері көбінесе валидатор клиентін оңай бақылау үшін қолжетімді.

Risks

  • Дербес стейкингпен бірдей тәуекелдер бар, сонымен қатар қызмет көрсетуші контрагенттің тәуекелі де бар.
  • Қол қою кілттерін пайдалану қасақана іс-әрекет етуі мүмкін басқа біреуге сеніп тапсырылған.

Талаптар

  • 32 ETH салыңыз және сыбыр сөздердің көмегімен кілттерді жасаңыз
  • Кілттеріңізді қауіпсіз жерде сақтаңыз.
  • Қалғанын біз шешеміз, дегенмен белгілі бір қызметтер әр түрлі болады.
Қызмет ретіндегі стейкинг туралы толығырақ

Пулдық стейкинг

Сыйақылар

  • Біріктірілген үлескерлер жалпы стейкингтің таңдалған әдісіне байланысты сыйақыларды әртүрлі тәсілдермен алады.
  • Біріктірілген стейкингке арналған көптеген сервистер бір немесе одан да көп , ұсынады, олар сіз салған ETH және валидатордың сыйақысындағы үлесіңіздің сомасы болып табылады.
  • Өтімділік токендері ішінде пайдаланылатын әмияныңызда сақталуы мүмкін және егер сіз шығып кетуді шешсеңіз ол сатылады.

Risks

  • Тәуекелдер қолданылатын әдіске байланысты өзгереді.
  • Жалпы алғанда, тәуекелдерге контрагентке, және орындауға байланысты тәуекелдердің жиынтығы жатады.

Талаптар

  • Ең төменгі ETH талаптары, кейбір жобалар үшін тек 0,01 ETH қажет.
  • Әмияныңыздан біріктірілген стейкке арналған әртүрлі платформаларға тікелей инвестиция салыңыз немесе ставкалар үшін өтімділік токендерінің бірін ауыстырып алыңыз.
Біріктірілген стейкинг туралы толығырақ

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл бет пайдалы болды ма?